2022 жылдың 15 маусымында сағат 12.00-де Қарағанды ​​қаласы Бұқар жырау орталық көшелерінің бірінде «Оқитын қала» акциясы аясында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты либ-моб өтті.

 Акция кітап оқуды насихаттау және балалар мен жасөспірімдердің  кітап оқуға және кітапқа деген оң көзқарасын қалыптастыру, кітапхана мен кітапханашы мамандығының беделін арттыру мақсатында өткізілді.

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары ақ бейсболка, футболка, шарфтар тағып, қарағандылықтардың оқу әдеттерін білу мақсатында, қала тұрғындары арасында, әңгіме- сұхбат жүргізді. Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қайда орналасқанын біле ме, тұрғындар оқуға қанша уақыт бөледі, нені таңдайды, қағаз кітап немесе электронды кітаптардың айырмашылығы  және  т. б. сұрады.

Сондай-ақ, қызметкерлер Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК-на келем деушілерді шақырып, кітапхананың мекен-жайы жазылған визиткалар,  "2022 жылдың мерейгер жазушылары" буклеттері, алдағы іс-шаралардың жарнамалары бар парақшалар, бетбелгілер, "Есірткі өте қауіпті!" ақпараттық парақшаларын және т. б.  таратты.

Қамтылуы: 80-90 адам.