2025 жылдың 07 ақпанында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері үшін @kgkp_kptk.krg Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына экскурсия өткізілді. Балалар кітап әлеміне қызықты саяхат жасады: кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен танысты, кітапханаға қалай жазылуға болатыны туралы білді.
Кітапханашылар жасөспірімдер қызмет көрсету бөлімінің жұмысы туралы айтып, абонементпен, оқу залымен және мультимедия залымен таныстырды. Жайық Кәгенұлы Бектұров кабинет-музейіне экскурсия, студенттердің үлкен қызығушылықтарын тудырды. Балалар музей экспонаттарымен және жазушының коллекциясының сирек кітаптарымен танысты. Сонымен қатар, ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерінің хабарламаларын қызығушылықпен тыңдап, кітапхананың электрондық ресурстары, сайттары, әлеуметтік желілері және жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімі жұмысының жаңа креативті түрлерімен танысты. Балалар кітапхана қорының алуан түрлілігімен, соның ішінде көркем және салалық әдебиеттер, мерейтойлық күндер мен өзекті оқиғаларға арналған тақырыптық көрмелермен танысты. Қала күніне орай дайындалған «Өлкенің әйгілі адамдары» көрмесіне ерекше назар аударылды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1513-7-a-pan-2025-2#sigFreeId499d160b62