Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде композитор, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған «Дарынды композитор құрметіне» атты музыкалық сағаты өтті.

Қазақ музыка тарихына айтарлықтай үлесін қосқан Сыдық Мұхамеджановтың скрипка мен фортепьяноға арналған сонаталарымен қатар қобызға арналған пьесалары және т.б. шығармалары бар.

Оқырмандар бейнетаспадан композитордың әндері мен романстарын: оркестрдің орындауында «Шаттық Отаны», Абайдың сөзіне жазылған «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» әнін опера әншісі К.Мыржықбаевтың, халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында «Қырманға кел қалқатай» әндерін тыңдады.

Композитордың өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұматтар беріліп, «Ән- көңілдің ажары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Қазір де Сыдық Мұхамеджановтың музыкасы дәстүрлі музыкаға айналды. Осындай елінің ертеңін, болашағын, ғасырлар бойы келе жатқан мәдениетін ойлаған ұлы тұлғаларымыз барда қазақ даласы мәңгі ән салары анық.

Шараға Қарағанды технология және сервис колледжінің 1 курс студенттері қатысты.