Балаларға қызмет көрсету бөлімінде Отбасы күніне арналған «Жас оқырман» клубы аясында «Отбасы құрмет пен сүйіспеншіліктің алтын діңгегі» атты әдеби отбасылық квест-ойыны өткізілді.
Іс-шараға «Қазақстан» Нуркенов отбасы, «Отан» Мұхамеджан отбасы, «Сұңқар» Төлепбергенов отбасы топтары қатысты. Қатысушылар «Құпия тұлға», «Сиқырлы жазба», «Ертегіні тап», «Достар планетасы», «Білім теңізі», «Ертегі аралы» атты жасырылған әртүрлі тапсырмаларды іздеп орындады.
Бірінші тапсырмада берілген көрнекті ақын-жазушылардың портреттеріне олардың аты-жөндерін жазды. Екінші тапсырмада айнадан керісінше жазылып көрсетілген «отбасы» туралы мақал-мәтелдердің дұрыс нұсқасын оқыды. Үшінші тапсырмада қазақ, орыс халық ертегілерінің атауындағы қате жазылған әріптерді тапты. Төртінші тапсырмада әр қағазға жазылған қазақ, орыс, шетел әдебиет кейіпкерлерін - Қожа, Сұлтан, Жанар, Жантас («Менің атым Қожа»), Маугли, Багира, Балу, Каа («Маугли»)Винни-Пух, Пятачок, Иа, Кролик («Винни-Пух и все-все-все») т.б. бір топқа жинастырып жинады. Бесінші тапсырмада балаларға арналған кітаптардың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» - Б.Соқпақбаев, «Дядя Фёдор, Кот и Пёс», «Крокодил Гена и его друзья» -Э. Успенский «Әдептілік – әдемілік», «Балақай», «Балалық шақ-балдәурен», «Ең күшті адам» - Е. Өтетілеуұлы) «Русалочка», «Новое платье короля», «Дикие лебеди» -Г.-Х. Андерсен) «Чика – Дабылдың баласы», «Арна», «Ақ тайлағым-ай» - М.Қаназов, «Руслан и Людмила», «Сказка о золотом петушке», «Сказка о царе Салтане» –А.С. Пушкин т.б. балаларға арналған кітаптардың қай жазушының шығармасы екенін тапты. Алтыншы тапсырмада - «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Курочка Ряба», «Қасқыр мен жеті лақ», «Ұр, тоқпақ», «Алтын сақа», «Кот и петух», «Приключения попугая Кеши» т.б. ертегілерге қатысты жасырынған заттарды қандай ертегіден алынғанын тауып, дұрыс жауаптарын берді.
Берілген тапсырмалар қатысушылардың есте сақтау, назар аудару, зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамыта отырып, жағымды және қуанышты эмоциялар сыйлады.
Шараның қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайға ие болып, 1 орын «Білімді отбасы» номинациясы Нүркеновтерге, 2 орын «Үлгілі отбасы» номинациясы Төлепбергеновтерге, 3 орын «Белсенді отбасы» номинациясы Мұхамеджан отбасына табысталды. Шара соңында керемет көңіл-күймен флешмоб биледі. Қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар таратылды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1549-7-yrk-jek-2024#sigFreeIde403c459fd