18 ақпанда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы халықты кеңінен қамту, жастарды есірткінің зияны туралы ақпараттандыру, жастар арасында есірткінің таралуын болдырмау мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» ақпараттық акциясын өткізді.

Іс-шара Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе ұйымдастырылды.  Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының @upn_dp_karaganda жағынан үлестірме материал, ақпараттық баннер, тақырыптық атрибуттары бар көкірекшелер беріліп,  көмек көрсетілді.

Акция шеңберінде қала тұрғындары арасында парақшалар таратумен ақпараттық-ағарту жұмыстары, сондай-ақ @nurzhanovgym_krg Қ.Нұржанов атындағы гимназия оқушыларына арналған кітапханадағы «Салауатты өмір салты» ойын бағдарламасы өткізілді.