Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғасыр жасаған ғажап ғұмыр» атты қызықты кітап сағаты өтті.

Қызықты кітап сағатында көрнекті қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы талданды. Шарада «Болашақ» жоғары колледжінің студенттері: Ахмади Мөлдір, Боранқұл Айым, Ергалиева Айымжан және Ыбрай Нұрдана шығарманың толық құрылымын, кейіпкерлер образын, психологиялық жай-күйлерін әңгімеледі.     

«Қан мен тер» қазіргі қазақ прозасында теңдесі жоқ оқшау туынды. «Қан мен тер» романы қазақ өмірінің тіршілігін сомдаған, қазақ әдебиетіндегі ең құнды да таусылмас қазыналы еңбек.

Шара соңында қатысқан студенттерге алғыс хат табысталды.Шараға «Болашақ» жоғары колледж студенттері мен «Қарағанды технология және сервис» колледжінің студенттері қатысты.