19 қыркүйекте Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығына арналған «ҚАРАҒАНДА09: ЕРКІН СҰХБАТ АУМАҒЫ» халықаралық OpenTalk аясында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының базасында «Жастармен жұмыс істеудің заманауи тәжірибесі» атты ашық диалог өтті. Іс-шараның модераторы Ресей мемлекеттік жастар кітапханасының директоры Ирина Борисовна Михнова болды.

Диалогтық алаңның мақсаты – кітапханалық үдерістерді жаңғыртудағы облыс кітапханаларының орнын анықтау; шығармашылық кітапханалық тәжірибені дамытуға жәрдемдесу, тәжірибе мен біліммен алмасу, кітапхананы заманауи әлеуметтік-мәдени ортада ілгерілету үшін қажетті кітапханашылардың кәсіби ақпараттық-коммуникациялық құзыреттерін арттыру.

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Каленова Нұргүл Қасымханқызы іс –шараны сөз сөйлеп ашып берді, одан кейін модератор Ирина Борисовна мамандармен кәсіби қарым-қатынас форматында диалог жүргізді, бейнеролик және презентация көрсетті. Жастарға арналған кітапхананың қызметі, оқырмандардың әртүрлі санаттарымен қызықты жұмыс түрлері туралы, барлық кітапханалардың мамандарын қызықтырған табысты тәжірибелер туралы баяндайтын бейнеролик пен презентация көрсетті.

Спикерлер ретінде әріптестеріміз  Қостанай облысы, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан А.Л.Видершпан, Торайғыров атындағы Павлодар облыстық ғылыми кітапханасынан М.А Таженова  қатысты. 

Баяндама барысында мамандар жастармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісіп, кітапханашыларға кітапханаға жаңа пайдаланушыларды тартатын, заманауи пайдаланушылардың сұранысына бағытталған жобаларын ұсынды.

 Сөз кезегі Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының серіктесі, «Психология-бизнес-медиа» қауымдастығының вице-президенті Т.А. Голубцоваға берілді.

Өз сөзінде Т.А.Голубцова БАҚ және ақпараттық сауаттылықты оқытудың ойын түрлерін енгізу бойынша «Медиа сауаттылық» үйі мен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының өзара іс-қимыл тәжірибесімен таныстырды. Бұл тақырып өзекті және көптеген кітапханашылар ұсынылған жұмыс түрлерін қабылдады.

Іс-шара диалог алаңына белсенді қатысқан көптеген қонақтардың басын қосты.

Шара соңында қатысушылар спикерлермен тіл табысып, олармен қызықты мәселелерді талқылай алды.