Балаларға қызмет көрсету бөлімі балалар жазушысы Виталий Бианкидің туғанына 130 жыл толуына орай «Виталий Бианкидің шығармашылық беттерінен» атты әдеби қонақ бөлмесі өткізді.

Шараға № 97 гимназияның «Оқимыз, ойнаймыз» даярлық тобының оқушылары  қатысты.

Балалар В.Бианкиның өмірбаянымен, оның табиғат, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы жазған тамаша шығармаларымен танысты. Кітапханашы жазушының ең танымал шығармаларының бірі - «Мышонок Пик» әңгімесіне  тоқталып, бейтаныс аралда жалғыз қалған кішкентай тышқан туралы, оның шытырман оқиғалары туралы толығырақ айтты.

Балалар құстар мен жәндіктер туралы жұмбақтарды шешуге, Виталий Бианкиның кітаптары бойынша сұрақ-жауап сайысқа белсенді қатысты. Балаларды «Кімнің ізі» ойыны қызықтырды: суреттегі іздердің бейнесі бойынша оның қандай жануарға жататынын анықтап жауабын тапты.

Іс-шараның басты ерекшелігі болып кітапханашылар дайындаған «Жанданған кейіпкерлер» сахнасы ұсынылды, кітаптар кейіпкерлері аю, қоян, тышқан және қарға бейнесінде балалар алдына келіп, қызықты ойын-сауық көрсетті.

Шара соңында балаларға ержүрек Пик есімді дала тышқаны туралы мультфильм көрсетілді. Іс-шара өте қызықты өтті.