Шахмат-ең көне және ең танымал үстел ойындарының бірі, бұл ойын бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
19 ақпан күні №4 мектеп-интернатының @krg.int4 тәрбиеленушілері үшін Пришахтинскіде Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері «Чатуранга» шахмат орталығына экскурсия ұйымдастырды @saltanat_chatyranga
Жастар үшін орталық туралы таныстырылым өткізілді, тәжірибелі жаттықтырушылар шахмат ойынының құпияларымен бөлісті. Кітапханашы шахмат тарихы туралы, оның Үндістанда 1500 жылдан астам уақыт бұрын ойлап табылғанын және «Чатуранга» деп аталғанын айтты.
Қонақтар үшін шахмат ойыны бойынша танымдық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Барлық ойыншылар интеллектуалды ойынға байыптылықпен қарап, ақыл-ойдың жылдамдығын және фигуралардың жүрістерін есептеу қабілеттерін көрсетті.
Шахмат барлық уақыттарда адамға жағымды әсер етті. Бұл ойыншылардан назар аударуды, нақты логикалық ойлауды және ойын жүрісін болжамдауды білуді талап ететін қызықты интеллектуалды ойын. Шахмат шығармашылық ой-өрісті, интеллектті дамытып, есте сақтауды жақсартатын спорттық ойын.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1562-19-a-pan-2025-2#sigFreeIdc3fe3fb059