20 ақпанда Бектұров зияткерлік ойындарының #BBB_KRG үшінші маусымының бірінші ойыны өтті. Ойынға Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері қатысты.
Қатысушылар эрудицияның жоғары деңгейін, командалық рухты, өзара көмекті, логиканы, тапқырлық пен шығармашылықты көрсетті. Үш негізгі ойын эпизодының нәтижесінде екі көшбасшы команда анықталды. Екеуінің арасындағы интеллектуалды жекпе – жек маусымның бірінші финалисті – «Gryffindor» командасын анықтады.
View the embedded image gallery online at:
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1563-20-a-pan-2025#sigFreeIdc7c4ef49fe