Еңбек күніне орай кітапханада «Кармет» АҚ көмір департаменті директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі көмекшісі А.С. Рысқұловпен «Жерлестер» атты кездесу өтті.

Кездесуге «№ 4 көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат» КММ оқушылары қатысты» https://kargoo.kz/index/fromorg/74?lang=ru.

Алмас Сағынайұлы еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, еліміздегі білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын, әр мамандықтың қоғамдағы өзіндік құндылығы мен рөлі бар екенін атап өтті. Кездесу барысында оқушылар жұмысшы мамандығын таңдағандардың кәсіби дамуы үшін қандай мүмкіндіктері бар, табысқа жету үшін қандай дағдылар мен қасиеттер қажет екендігі туралы сұрақтар қойды.