19 ақпан күні Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ 6 сынып оқушылары үшін @school_n.abdirova.krg «Капля океана посреди степи» («Сарыарқа жұлдызы») тарихи портреті өткізілді. Кітапханашылар белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі туралы айтып, оның еңбектері – «Қазақстанның Ресейге қосылуы» кітабымен және «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» оқулығымен таныстырды.
Іс-шара аясында «Ермұхан Бекмаханов: тарихтың ізімен» бейнефильмінің үзіндісі көрсетілді.
Оқушылар Ермұхан Бекмахановтың Қазақстанды тарихи зерттеу және тарих ғылымын дамыту контекстіндегі жұмысының маңыздылығы туралы біраз мәлімет алып, ой түйіп, көп түсінік алды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1565-19-a-pan-2025-3#sigFreeId328a9266aa