Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда «Еңбек күні» атап өтіледі. Іс-шаралардың мақсаты-жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру және еңбек адамының имиджін арттыру.
Осы мерекеге орай кітапханада «Жастар болашақты таңдайды» тақырыбында Ақпарат күні ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Қарағанды сән колледжі, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері үшін Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильді орталығының маманы А.Р.Канафина мен Қарағанды облысының жастар саясаты орталығының волонтерлер фронт-офисінің басшысы А.Б.Мырзанова шақырылды. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды қызықтырған тақырыптар бойынша әдебиеттермен таныстырып, кітапхана бойынша экскурсия өткізді.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1565-25-yrk-jek-2024-2#sigFreeIde7c48049a7