26.09.2024 ж., Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен,  Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты XVIIІ Абай оқулары облыстық байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты мен міндеті - қазақ әдебиетінің көрнекті классигі Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау; Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы оның ілімдері мен әдеби шығармалары арқылы жас ұрпақтың жоғары адамгершілігін қалыптастыру; талантты шығармашыл жастарды анықтау және қолдау.

«Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты XVIIІ Абай оқулары байқауына Қарағанды облысының 15-21 жас аралығындағы 40 жуық жастары қатысты.

Байқау номинациясы:

  • «Үздік көркем сөз шебері» - ақынның өлеңдерңн жатқа мәнерлеп оқу.

Байқауға баға берген әділқазылар алқасы:

  • Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Хасен Кәмшат Бауыржанқызы;
  • Академик Е.Бөкетова атындағы Қарағанды зерттеу университеті,  филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы - Жумагелдин Жанайдар Шаймерденович;
  • Қарағанды «БОЛАШАҚ» жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2 санаттағы педагог-зерттеуші – Кабылова Меруерт Блялкызы.

Абай оқулары облыстық байқауын  ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Салтанат Амангелдіқызы Кеңесбеков құттықтау сөзімен ашты.  Қарағанды облысының жастары арасында дәстүрлі түрде әр форматта өтіп келе жатқан Абай оқуларына қатысушы жастарға Абай мұрасынан нәр алып, оның асыл сөздерін, өресі асқақ поэзиясын, терең философиясын бойына сіңіру керек екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында барлық қатысушылар байқауға баға берген әділқазылар алақасының алдында Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып шықты. Әділқазылар алқасы байқау ережесінің шарттары бойынша  қатысушыларға баға беріп, байқаудың жүйріктерін таңдап, жеңімпаздарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты XVIIІ Абай оқулары облыстық байқауының «Үздік көркем сөз шебері» номинациясы бойынша Бас жүлде жеңімпазы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Қаламқас Орынбай атанды.   

І дәрежелі дипломымен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Алтынай Марат пен Қарағанды қаласы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Гаухар Бақытбек;

ІІ дәрежелі дипломымен Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Толғанай Ахметова мен Қарағанды жоғары «BOLASHAQ» колледжінің студенті Анел Тикенова ;

ІІІ дәрежелі дипломымен Қарағанды қаласы №14 мектеп-гимназия оқушысы Наргиза Рымжан мен академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенті Сезім Саят;

Ынталандыру грамотасымен Сұрыптау станциясы «Жұмысшылар ауылы» №56 негізгі мектебінің оқушысы Диана Ғалымжан мен Бұқар-жырау ауданы «Ростовка тірек мектебінің (РО)» оқушысы Самал Дүйсенбай марапатталды.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдары және арнайы сыйлығы табысталды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы Жастар саясаты басқармасының басшысы Нұржан Ағыбайұлы Ілияшев құттықтау сөз сөйлеп, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің әншісі  Ришат Шабденов Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін, Елдос Каримов ақынның «Торы жорға» күйін орындады.

Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы, оның ілімдері мен әдеби шығармалары арқылы жас ұрпақтың жоғары адамгершілігін қалыптастыру мақсатында «Мәңгілік тұлға – Ұлы Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.