1 наурыз-алғыс айту күніне орай  жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде “Татулығымыз бір шаңырақ астында”  атты кітап көрмесіне шолу өтті. Шараға келген технология және сервис колледжінің студенттері  бір-біріне жылы сөздер айтып, алғысын білдірумен бастады.

Кітапханашы  аталмыш күннің тарихы мен маңыздылығы туралы баяндады. Көрмеге «Қазақстан- қарашаңырағым», «Біз қонақжай елміз», «Қазақстан және әлем елдері», «Под общим шаныраком», «Народ Казахстана: история и современность» т.б.кітаптар қойылып, шолу жүргізілді.

Оқушылар адамдардың бір-біріне жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдірудің көрінісіне айналған қасиеттер туралы пікірлерін білдіріп, басқа тілдерде бір-біріне алғыс айтты.

Шара мақсаты:  елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеуге, салт-дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін колледж студенттерінің  бойына сіңіруге ықпал ету.