Халықаралық әйелдер күніне балаларға қызмет көрсету бөлімі «Ана өмір шырағы» атты мерекелік ассорти арнады.
«Карамелька» дамыту орталығының балалары мереке тарихымен танысты, өлеңдер тыңдап, викторина сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешті, ертегілердің әдеби кейіпкерлерін атап «Девичьи штучки», «Цветок любви и нежности» атты ойындарға қатысты, тілек сөздер айтты, сүйікті әндерін шырқады, «Мы в тренде весны» көңілді биін орындады.
Балалар өздерінің тапқыр, ақылды, шебер, шығармашылық және тату екенін көрсетті. Көктем, поэзия және қуанышты көңіл-күйде ұлдар өлең оқып, қыздарды құттықтады. Іс-шара соңында барлығы жүлделер мен сыйлықтар алды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1581-8-nauryz-2025#sigFreeId873fe1659a