Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қарттар күніне арналған «Дәстүр» клубы аясында «Қарттарым - қазынам» атты кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, еңбек ардагері Нүркетаев Орал ақсақал қатысты. Кітапханашы «Қарттар күнінің» тарихына тоқталып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Шара барысында Орал Нүркетаев өзінің өмір жолы мен мәдениет саласына қосқан үлесі жайлы айта келе, Францияда, Парижде Абайдың ариясын орындаған сәттері және естеліктерімен бөлісіп, жастардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу жас ұрпақ пен қарт адамдар арасында диалог түрінде қызықты да мазмұнды болып өтті. Іс-шараға қатысушы технология және сервис колледжінің студенттеріне «Қарттарым қазынам» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасалды https://kktis.kz/