9 қазан күні Ж.К.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандырылған  мектеп-интернатының 7 сынып оқушыларына Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» атты ақпараттық сағаты өткізілді.

Шара барысында  оқушыларға мереке тарихы, «толеранттылық» ұғымы, еліміздегі түрлі діндерді ұстанатын этностар мен тілдік, мәдени және әлеуметтік топтар таныстырылды. Сондай-ақ оқушыларға бейбітшілік, өркендеу, бауырластық туралы айтылды. Шараға «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» атты кітап көрмесі дайындалып, шолу өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды толеранттылыққа, қоғамдық келісімге тәрбиелей отырып өскелең ұрпақтың әртүрлі ұлттар мен діндегі адамдарға құрметпен қарауын қалыптастыру.