Ақпараттық – библиографиялық бөлімде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ақпарат күні өткізілді.
2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармалары таңдалды. Олар проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, Тәкен Әлімқұлов пен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденов. Бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады.
Тәкен Әлімқұловтың шығармалары - ел психологиясының тереңдігін, дәстүрлі мәдениеттің эпикалық кеңдігін, қоғамның дамуы үшін маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейді.
Жұмекен Нәжімеденов - еліміздің Әнұранын 21 жасында жазған ақынның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. Ол аз ғұмырында бірнеше поэма, повесть, роман жазып, 9 күй, 7 том мұра қалдырған. Оның жырлары бірнеше тілге аударылған.
Қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылықтарына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға кітап оқуға құмар жастар қатысты.
Іс-шараға кітап оқуға құмар жастар мен оқырман қатысты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1588-12-nauryz-2025-2#sigFreeIdfa3ab69663