Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тарих.Тұлға.Тағдыр» жобасы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Менің Сәкенім» атты дөңгелек үстел іс –шарасы өтті.

Іс-шараға тарихшылар, филологтар, Қарағанды медициналық университетінің «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесінің және Қазіргі заманғы көпсалалы колледждің студенттері, Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның, №97 гимназияның мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Іс – шара барысында профессор Қонтаев Сәбит Сейітұлы; т.ғ.к., Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Сәуле Сүйіндікқызы Қасымова; ф.ғ.к., Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті Қарлығаш Мәуенқызы Хамзина; Қарағанды медицина университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының» ассистент – профессоры Кәмшат Жақсылыққызы Абдрахманова қазақ зиялысының өнегелі өмірі мен қажырлы қызметі туралы баяндады.

Сондай- ақ, Қарағанды медицина университетінің «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесінің студенттері Әуезханова Диана, Айтбек Ералы «Ерке сылқым» күйін орындады, Серкебаева Балкүміс Ж. Бектұровтың «Сәкенге» өлеңін және С.Сейфуллин атындағы гимназиясының оқушысы Алмасбек Сабина Сәкеннің «Інішегіме» өлеңін оқыды.

 Оқырмандар назарына «Менің Сәкенім» атты кітап көрмесіне қойылған жазушы Ж. Бектұровтың Сәкен Сейфуллиннің  шығармашылығына арналған баспасөз беттеріне  шыққан мақалалары  ұсынылды.

Дөңгелек үстелдің модераторы № 97 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермағамбетов Ерзат Молдабекұлы болды.