2025 жылғы 14 наурызда Қазақстанда Наурызнама Жалпыұлттық онкүндігі басталады.

Мерекенің алғашқы тақырыптық күні - «Көрісу күні» (Амал мерекесі». Бұл сәлемдесу, жылы кездесулер мен ізгі тілектер, үлкендерге құрмет көрсету күні.

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Наурыздың жауһаз сырлары» атты кітап инсталляциясы рәсімделді. Экспозицияда ежелгі көктем мерекесінің тарихы мен дәстүрлері туралы басылымдар, сәндік-қолданбалы өнер заттары қойылған.