Кітапханада көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы Ә.Марғұланның 120 жылдығына арналған тарихи сағат өтті. Оған №19 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.

Іс шара барысында кітапханашылар Әлкей Марғұланның өмірбаянын, шығармашылығын, ғылымдағы ерлігі, жас ұрпаққа өнегесі туралы айтылды. Ж.Бектұров мемориалдық музей-кабинетінде сақталған Әлекеңнің артында қалған жазба мұрасы мен өте сирек кездесетін материалдарымен таныстырылды.