Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «DASTUR» клубының аясында Наурыз мерекесіне арналған «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты әдеби кеші өтті.

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстурін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

14 наурызда аталып өтетін, Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Халқымыздың бауырмалдық қасиетін айқындайтын, қазақтың ұлттық бірегейлігін көрсететін ерекше мерекеде оқушылар Наурыз мейрамы, Көрісу күні туралы ақпараттар алды.  Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрге байланысты қойылған викториналық сұрақтар мен жұмбақтардың жауабын тапқырлықпен дұрыс таба білді.