16 наурыз күні кітапханада Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз айы туғанда...» атты әдеби музыкалық композициясы өткізілді.
Шараның мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет-ғұрпын байланыстыра насихаттап, оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс шараға «Нүркен Әбдіров атындағы ЖББМ» 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар оқырмандарға «Шашу» шашып, Наурыз мейрамының шығу тарихы, қалай тойланатындығы туралы баяндады.
Іс-шарада Балдай Нұрлыхан, Омар Расул, Дәулен Әділ - Наурыз тойымен құттықтап ән мен жырдан шашу шашты, Жұмажанов Нұртілек, Далдабаев Асылбек «Адай», «Талас», «Ерке сылқым», «Көрұғлы» күйлерін орындады.
Оқырмандарды қазақтың ұлттық ойындарының ережелерімен таныстырып, «Асық ату ойыны», «Қол күрес» сайысы ұйымдастырылды, қатысушылар ойынға белсена ат салысты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1598-16-nauryz-2025#sigFreeIdf48c7bb6e1