Ғалым, жазушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, профессор, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Е.А.Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Көп қырлы талант» атты еске алу сағаты өтті.
Мақсаты: Ұлтының тағдыры үшін алаңдаған, қазақ ғылымының дамуына көп күш салған Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтің ұлағатты істерін болашақ жас ұрпақтарға насихаттап жеткізу.
ҚР Ақпарат саласының үздігі Әли Тойжігітов еске алу сағаты қонағы болды. Іс-шара барысында Әли Тойжігітов Е.А.Бөкетовтің өнегелі ғұмыр жолы мен шығармашылығына арнап жазған «Ғибратты ғұмыр» мақаласы туралы әңгімеледі. Кешке қатысқан академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің филология және журналистика факультеттерінің студенттері сұрақтар қойып, әсерлі ойларымен бөлісті.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1600-18-nauryz-2025#sigFreeIded20e5f221