«Кітапхана – тең мүмкіндіктер қадам» жобасы аясында балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Шын жүректен» мейірімділік сағаты өткізілді.

Іс–шараға Қарағанды облысы білім басқармасының №2 арнайы мектеп-интернатының оқушылары шақырылды. Балалардың назарларына балалар жазушылары Б. Соқпақбаев, В. Драгунский, В. Катаев және т. б. кітаптары бойынша «Сіз әлі оқымаған болсаңыз, онда біз сізге барамыз» атты кітап экспедициясы ұсынылды

Сонымен қатар, балалар «Мақалды құра» ойынына, мейірімділік пен қайырымдылыққа үйрететін қазақ халық ертегілері бойынша саяхатқа белсенді қатысты.