Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні ретінде белгіленген. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді.
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрме «Дәстүр даналығы», «Мерекелік дастархан», «Қазақтың ұлттық ойындары» бөлімдерінен тұрады. Оқырмандар назарына «Наурызнама», «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Тағылымы терең ұлттық ойындар», «Алтыбақан», «Балалар ойындары» және т.б. халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдар, киіз үй, жеті қазына, қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спорты, ұлттық күрес түрлеріне қатысты әдебиеттер ұсынылды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1604-20-nauryz-2025#sigFreeIdfe9de4fa09