16 қазан күні Ж.К.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандырылған мектеп-интернатының оқушыларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – «нөлдік төзімділік» атты ақпараттық сағаты ұйымдастырылды.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Шарада Қазақстан Республикасының нормативтік актілері елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, осы құбылысқа қарсы күрес үшін мемлекет қабылдайтын шаралар туралы айтылды.

Оқырмандар шараға қызығушылықпен қатысып, сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның түрлі салаларына кері әсері туралы пайдалы ақпарат ала отырып түрлі тапсырмалар орындады.

Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, саяси жүйе, саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.