17 қазанда «Рухани келісім – тұрақтылық іргетасы» атты кездесу іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Қарағанды қаласы Әл-Машани мешітінің имамы Ермахан Оралбай және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Алтай Аяғанов қатысты.

Шара қонақтары Әл-Машани мешітінің имамы Ермахан Оралбай елімізде қалыптасқан дінаралық татулық, ұлтаралық келісім жайлы тоқталды. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Алтай Бәдиұлы Аяғанов рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірліктің баға жетпес байлық, ал тұрақтылық – тұғырымыз екендігі туралы, бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеткендігіміз жайында әңгімелеп берді. Сонымен бірге, шараға қатысқан Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері қонақтарға қоғамда болып жатқан мәселер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Шара барысында оқырмандарға Рухани келісім күніне арналған презентация көрсетілді.