25 қазан Республика күніне орай балаларға қызмет көрсету бөлімі «Қазақстаным - мақтанышым!» атты тарихи экскурс өткізді. Шараға Н.Әбдіров атындағы ЖББМ 3 сынып оқушылары мен №8 ЖББМ 3 сынып оқушылары қатысты.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шараға «Ровесник» балалар мен жасөспірімдер клубы (БЖК) нұсқаушы–әдіскері Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы - еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі, еліміздің тарихы мен бүгінгі жетістіктері, батырлар жыры мен елеулі оқиғалары жайлы әңгімелеп айтып берді.

Отанымыз Қазақстанымызды жырға қосқан ақын-жазушылардың өлеңдерін 3 сынып оқушылары: Берік Айзере, Еренсізов Айбатыр, Бауыржан Сұлтан, Марғұланқызы Гүлбахрам нақышына келтіріп оқыды. 8 ЖББМ 3 сынып оқушылары «Қазақстан-егемен елім» атты хор орындады, Берік Айзере «Домбыра» биін мың бұрала биледі. Кahoot қызметінде Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша интеллектуалды және викториналық ойыны өткізілді.

Оқушылардың бойында патриоттық сезім мен ұлттық мақтаныш қалыптасып, Қазақстан туралы білімдерін кеңейтті.

Шара соңында «Қазақстаным - мақтанышым» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды. «Ровесник» балалар мен жасөспірімдер клубы (БЖК) нұсқаушы–әдіскері Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы «Өмір тағылымдары» (естеліктер, ой-толғамдар) атты кітабын кітапханаға сыйға тартты.