25 қазан Республика күніне орай балаларға қызмет көрсету бөлімі «Қазақстаным - мақтанышым!» атты тарихи экскурс өткізді.

Шараға Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандырылған мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің алатын орыны ерекше. Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Кітапханашылар Республика күнімен құттықтап, Қазақстан туралы қызықты деректерді ұсынды. Оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді. Шара соңында «Қазақстаным - мақтанышым» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.