Герольд Бельгер - қазақ, орыс және неміс әдебиетіндегі көрнекті тұлға, оның аса құнды әдеби мұрасын ұқыпты сақтауымыз қажет.

Жазушының туғанына 90 жыл толуына орай жастарға қызмет көрсету бөлімі «Қазақ халқының неміс ұлы» атты еске алу кешін өткізді.

Іс-шараға Қарағанды қаласының тамақтану және сервис колледжінің, кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Кеш жүргізушісі белгілі қазақстандық жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, кітап көрмесіне шолу жасады. Іс-шара барысында «Линия судьбы» телевизиялық циклінен «Герольд – имя гордое...» деректі фильмі көрсетіліп, презентациясы ұсынылды.

«Видергебурт» неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының жанындағы этномәдени жұмыс жөніндегі жетекшісі Анастасия Коваленко «Возрождение» ұлттық қозғалысындағы жазушының қызметі туралы ақпаратпен бөлісті, ол кітапханаға Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығы туралы сыйға кітаптарды сыйға тартты.

Ақын әрі шығармашылық тұлға Виктория Аршукова @yellowvik мен кітапхана оқырманы Диана Жулаева Герольд Бельгердің күнделік жазбаларынан үзінділер келтірді.