Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Республика күніне орай «Қазақ елі - түркі әлемдерінің қара шаңырағы» атты ақпараттық сағат өтті.

Ақпараттық сағатта оқырмандарға Республика күнін атап өтудің тарихы, маңызы кеңінен таныстырылды, Республика күні туралы бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, анаграммалық тапсырмаларды орындады.

«Ә.Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» оқушылары Н.Амантай, Т.Тілеубай, Р.Қаппасов, М.Алимов Отан туралы, «Туған жерім - Қазақстаным» және т.б өлең шумақтарын оқыды.

Шара соңында «Қазақ елі - түркі әлемдерінің қара шаңырағы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Атамекен» әні шырқалды.