01.04.2025ж. жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Жанға дауа әуендер» жобасы аясында Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай   «Қазақ сазының сайыпқыраны» атты музыкалық сағат өтті.

Музыкалық сағатқа  «Қарағанды технология және сервис колледж» студенттері қатысты. Кітапханашылармен Н.Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат берілді, «Өмір жолы» атты бейне ролик  көрсетіліп, «Аққу», «Адай», «Сарыжайлау» күйлері  тыңдалды. «Қазақ сазының сайыпқыраны» атты  кітап көрмесіне қойылған Нұрғиса Тілендиевке арналған танымал тұлғалар: Д. Қонаев, Т. Молдағалиев, Қ. Байсейітовтің нақыл сөздері мен  үш тілде басылып шыққан «Нұрғиса Тілендиев кітап-альбомы», С.Әбдірайымовтың «Ғасыр сазын тербеген»,  «Қаhарман - Нұрғиса», «Ғибратты ғұмыр»  сериясынан шыққан Ж. Шәкәрімнің «Нұрғиса Тілендиев» атты кітаптарына шолу жасалды.

 

Мақсаты: Н.Тілендиевтің шығармаларымен таныстырып, табиғи талантын, дарынын жасөспірімдердің бойына сіңіру және қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру.