Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Ебіней Бөкетовтың 100 жылдығына арналған «Қыры-ғылым, өрі-өлең» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне «Қарағанды технология және сервис колледж» студенттері шақырылды @kktisz75. Көрмеде Бөкетовтың өмірі мен мансабының негізгі кезеңдерін бейнелейтін өмірбаяндық М.Сәрсекенің «Ебіней Бөкетов», «Біртуар», «Қыры-ғылым, өрі-өлең», Қамзабай Бөкетовтың «Друг мой, брат мой», «Наш Букетов» атты академик Е.А.Бөкетов жайлы естеліктері және Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ да өткен «Юбилейные Букетовские чтения» халықаралық ғылыми конференция материалдары, «Сарыарқа кітапханасы» сериясынан шыққан Ебіней Бөкетовтің «Шығармалары», «Жас Қаныш», «Грани творчества», «Детские годы Каныша», «Шесть писем другу», «Святое дело Чокана» атты кітаптар мен мерзімді басылымдарға шыққан мақалалар қойылды.

Көрменің мақсаты: ғалымның мұрасын насихаттау және оқырмандарды оның ғылым мен әдебиетке қосқан үлесімен таныстыру.