Балаларға қызмет көрсету бөлімінде гимназия №45-тің 7-сынып оқушылары үшін «Ғарыштық саяхат» атты танымдық сабақ өткізілді. Бұл іс-шара Дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне орай ұйымдастырылды.
«Шахтер» КМҚК нұсқаушы-әдіскері Қайыржан Кариұлы Тілеубергенов балаларға ғарыш кеңістігін игеру тарихы, космонавтика ғылымының негізін қалаушылар, Жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру және әлемдегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің ұшуы туралы айтып берді.
Бөлім қызметкерлері «Ғарыштық саяхат» көрмесінен әдебиеттерді ұсынды.
View the embedded image gallery online at:
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1635-11-s-uir-2025#sigFreeIde67e172d8f