7 қарашада КСРО мен Ресейдің Халық әртісі, атақты композитор Александра Николаевна Пахмутованың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Волгоград облыстық жастар кітапханасы мен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы арасында Халықаралық on-line-бейне көпір өтті. Іс-шараға жастар-студенттер мен оқушылар, оқытушылар, кітапхана қызметкерлері, музыканттар қатысты.
Онлайн-кездесуде Александра Николаевнаның өмірі мен шығармашылығы, оның Волгоград пен Қарағанды қалаларымен байланысы туралы әңгіме болды.
Ұлы Отан соғысы кезінде 1942-1943 жылдары 11 жастағы Александра Пахмутова анасымен бірге Теміртау қаласында эвакуацияда болды, осы кезеңде ол өзінің алғашқы әндерін жазуды бастады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы музыкалық бейнекөпір барысында мерекелік шығармашылық атмосфера орнады, П. А. Серебряков атындағы Волгоград консерваториясының және Волгоград қаласының № 3 балалар өнер мектебінің дарынды жастарының орындауында композитордың миллиондаған жанкүйерлері жақсы көретін «Мелодия», «Добрая сказка», «Птица счастья», «Девчонки танцуют на палубе» әндері және Қарағанды ақыны әрі композиторы Вероника Беляеваның әндері шырқалды.
Мұндай бірлескен кездесулер жас ұрпақтың зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, әріптестер арасында жұмыс тәжірибесімен алмасуға, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға үлкен ықпал етеді.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1635-7-arasha-2024#sigFreeId7155066cfb