06 қарашада кітапханада «Есірткісіз өмір» атты кездесу өтті. Іс-шараға Михайловский полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторлары майор Шоқанова Н. С. және капитан Такенова Д. К. қатысты.

Ювеналды полиция қызметкерлері №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне темекі шегудің, алкоголь мен есірткіні қолданудың, әсіресе жас кезінде адам ағзасына зиянды әсері туралы айтып берді. Олар балаларға жаман әдеттер адамның денсаулығын ғана емес, жеке тұлғалық адамгершілік қасиеттерін де бұзатынын түсіндірді. Сондықтан жаман әдеттермен күресу және олардың пайда болуын болдырмау қажет. Оқушыларға есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, дайындағаны және өңдегені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Кездесу барысында балалар салауатты өмір салтының артықшылықтары туралы білді.

Сондай-ақ, спикерлер балалардың назарын кибершабуыл, буллинг, әлеуметтік желілердің қауіптілігі, интернетке тәуелділік сияқты мәселелерге аударды және балалардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

«СӨС – бұл сәнді» тақырыбында ойлана отырып, мектеп оқушылары өз ойларын стикерлерге жазып, содан кейін оларды флипчартқа тіркеп, библиоквилт жасады.

Кітапханашы оқушыларға нашақорлық, оның салдары және тәуелділікті болдырмауға көмектесетін қарапайым ережелер туралы өзекті ақпаратты қамтитын «Сенің болашағың өз таңдауыңа байланысты» буклеттерін таратты.