14.11.2024 ж., Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгенің айналымға ену күніне орай «Қаржылық сауаттылық» атты іс-шарасы өтті.
Шараның мақсаты: жастарға ұлттық валюта – теңгенің маңыздылығын түсіндіру, ақшаны дұрыс басқару дағдыларын үйрету, жауапкершілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу, қаржылық сауаттылық туралы түсінік беру.
Шара барысында Теңге бізге несімен қымбат? Ақша дегеніміз не? Оны қалай дұрыс пайдалану керек? деген сұрақтар төңірегінде қатысушыларға ақпарат беріліп, теңгенің шығуы туралы бейнеролик көрсетілді.
Қатысушылар топқа бөлініп, «Теңгені білесіз бе?», «Сөздерді жина», «Менің алғашқы бюджеттік жоспарым» тақырыбында викториналық ойын ойнады.
Шараға Қарағанды сервис және тамақтану колледжінің студенттері қатысты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1645-14-arasha-2024-3#sigFreeIdaf35fc0aa0