15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта - теңге күні балаларға қызмет көрсету бөлімінде №4 мектеп-интернаттың 7,8,9 сынып оқушыларына арналған «Теңге шежіресі» ақпараттық дайджесті өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Қазақстанның ұлттық валютасы туралы білімдерін кеңейту.
Іс-шара барысында кітапханашы балаларға ұлттық валюта тәуелсіздік пен егемендіктің нышандарының бірі, елдің ақша жүйесінің негізі болып табылатынын айтты. Оқушыларға теңгенің тарихы, теңгенің дизайны мен қорғау дәрежесі 31 жыл бойы қалай өзгергені туралы бейнефильм көрсетілді.
Содан кейін ұлттық валютаны, қаржы секторын білуге арналған танымдық эрудит-шоу өткізілді. Жарыс барысында балалар «Экономикалық тақырыптағы мақал-мәтелдер аукционы», «Ипподром», «Жалпы терминмен біріктір», «Жұмбақ-әзілдер», «Блиц-сауалнама», «Түсіндірме сөздігі»турларына қатысты.
Іс – шара соңында оқушыларға «Ұлттық валюта - ұлт мақтанышы» көрмесінің әдебиетіне шолу жасалды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1648-15-arasha-2024#sigFreeId3fcec01977