19.04.2025ж., ардагер журналист, Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы» Қасым Орынбетовтың 85 жылдығына арналған «Арқа баспасөзінің абызы» атты дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Іс-шараны кітапхана басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы бастап, ашып берді. Шараның модераторы ақын Руслан Нұрбай болды.
Шара барысында Қасым Орынбетовтың шәкірттері, көзін көрген замандастары, жақын туыстары естеліктерімен бөлісті. Көрермендер назарына Қасым Ыхметұлының өнегелі өмірі, қызметі жайында «Арқа баспасөзінің абызы» атты бейнебаян мен «Қаламы қарымды қаламгер» кітап көрмесі ұсынылды.
Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Мақпал Қасымқызы Орынбетова әкенің ұл-қызына деген ұшан-теңіз ұлағаты бар «Әкем айтады» атты кітабын оқырмандарға таныстырды. Бұл кітаптың жазылып, басылып шығуы қызының әкеге деген құрметі еді.
Іс-шараға арқаның зиялы қауымы, Қасым Ыхметұлының тәрбиесінен өткен шәкірттері мен жақындары қатысты.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1653-19-s-uir-2025#sigFreeId1c1aa33241