2025 жылдың 23 сәуір күні сағат 11.00-де Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық кітапханалардың ұйымдастыруымен Каскад аланыңда Қарағанды орталық мәдениет және демалыс саябағында Ұлттық кітап күніне және ақын А. Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Кітаппен кемел болашаққа» атты Кітап фестивалі өтті.
Фестиваль бағдарламасы аясында «Есте сақтаймыз! Оқимыз!» поэзия марафоны Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Алаңыңда «Ұлттың жаңы да, жады да – әдебиет» атты кітап және иллюстрациялық көрме-инсталляция әзірленген. Онда Ұлттық кітап күнінің логотипі, қазақстандық жазушылар – классиктер мен заманауи авторлардың кітаптары бейнеленген.
Поэзия марафонында құрметті қонақтар сөз сөйледі: Тлегенов Жанат Жанқашұлы - ақын, Қарағанды қ., Мұқай Ілияс Дүңгенбайұлы - ақын, Қарағанды қ., Тұяков Ғабит Шорайұлы – «Ардагерлер ұйымы» республикалық ҚБ басшысы, Қарағанды қ., Қарағанды медицина университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының» ассистент профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы.
Алаңның ашылуында келушілерге көрменің Ұлы Жеңіске үлес қосқан Қазақстан жазушылары туралы бөлімдері, Ұлы Отан соғысы мен Жеңіс күніне арналған фотосуреттер, тақырыпқа сай заттар мен керек-жарақтарға шолу жасалды.
Әрбір қатысушыға «Бір ел – бір кітап» акциясының бетбелгілері мен буклеттері, «Қарағандылық батырлар» атты ақпараттық парақшалар, кітапхананың мекенжайы жазылған проспектілер таратылды.
Қарағанды медицина университетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің, Қарағанды жоғары «БОЛАШАҚ» колледжінің, жоғары гуманитарлық колледжінің, жоғары политехникалық колледжінің, технология және сервис колледжінің 20 студенті, сонымен қатар Ж.Ақбаев атындағы мектеп, Қ.Нұржанов атындағы гимназия, С.Саттаров атындағы мектеп-лицей, № 21 орта мектептен 10 оқушы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қазақ ақындарының шығармалары бойынша өткен поэзия марафонына қатысты.
Музыка фонында жастар марафон тақырыбындағы қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Марафоннан кейін жиналғандардың барлығы қазақ әдебиеті шығармалары бойынша 10 түрлі сұрақтан тұратын әдеби викторинаға қатысты.
Балалардың әрқайсысы Фестивальден алған жағымды әсерлерін айтып, құрметті қонақтар сұхбат берді.
«Кітаппен кемел болашаққа» фестивалін өткізу кітап оқуды насихаттауға, қоғам өміріндегі кітаптың мәртебесін көтеруге және жастардың да, қалың жұртшылықтың да әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды мәдени алаңға айналды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1661-23-s-uir-2025#sigFreeIdcfa7282afc