3 желтоқсанда балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері № 2 арнайы мектеп-интернатының оқушылары үшін «Мейірімділік пен қайырымдылық» атты ізгілік акциясын өткізді.
Балалармен достық, жанашырлық туралы әңгіме жүргізді, қандай іс-әрекеттер мейірімді болып саналатынын талқылады. Балалар өздерінің жасаған игі істері туралы айтты. Өзара көмек пен қолдау, жақын адамдарға жылулықпен, құрметпен және мейірімділікпен қарау қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімеленді. Әңгіме барысында ойындар өткізіліп, кітапхананың кітап жаңалықтары ұсынылды, барлық балалар тәтті сыйлықтар алды.
View the embedded image gallery online at:
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1668-3-zhelto-san-2024#sigFreeId05d3dce2cb