5 желтоқсанда бүкіл әлемде Халықаралық еріктілер күні атап өтіледі. Осы айтулы күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Еріктілер – мақтанышымыз!» атты шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Қазақстан Халықтық партиясының Қарағанды облысы бойынша әйелдер қанатының басшысы Меруерт Бөгембайқызы Барменшинова, «Жастар дауысы» қоғамдық қорының басшысы Асылан Смағұлов, «Volteq» еріктілер корпусының өкілі Еркебек Айша Талғатқызы, сондай-ақ Қарағанды көлік-технологиялық колледждерінің студенттері қатысты.
Іс-шараны кітапхана басшысының орынбасары Надежда Федоровна Шмойлова ашты, ол аудиторияны Халықаралық еріктілер күнімен құттықтап, Қазақстандағы еріктілер қозғалысының маңыздылығын атап өтті. Меруерт Бөгембаевна Барменшинова өз сөзінде еріктілер қозғалысындағы әйелдер рөліне баса назар аударды.
Асылан Смағұлов Қарағанды облысының волонтерлік бірлестіктері, волонтерлік бағыттардың функциялары, волонтерлер жұмысының ерекшеліктері туралы айтып, осы тақырып бойынша жастарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Айша Талғатқызы Еркебек «Volteq» еріктілер корпусының қызметімен өте мазмұнды таныстырды.
Кездесуде қарағандылық ақын Виктория Аршукова, музыкант Федор Снегирев, домбыра орындаушысы Ақбота Сағындық өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «БиблиоIQ в кубе» өлкетану зияткерлік-ойын-сауық ойынымен жалғасты. Жарыс барысында студенттер Қарағандының көрікті жерлері мен қаламызды дәріптеген тұлғалардың өмірбаяны туралы жақсы білімдерін көрсетті. Ойын жеңімпаздарына сыйлықтар мен кітаптар табысталды.
Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар әрбір адам қайырымдылық жасап, елге пайдам тисін деп ойласа, әлем жақсарар еді деген қорытындыға келді.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1677-5-zhelto-san-2024-2#sigFreeIdd6c44ab0bf