2024 жылғы 6 желтоқсанда Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған «Жыр – менің жалғыз тарланым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолы қамтылған бейнеролик көрсетіліп, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді.

Шараның ашылуында Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы құттықтау сөз сөйлеп, ақынның әдеби мұрасының маңыздылығына тоқталды.

Кеш барысында Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледждің студенттері, сондай-ақ №137 және №74 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары Фариза Оңғарсынованың  өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл оқушылар мен студенттер ақынның поэзиясын терең сезініп, оны тыңдаушыларға ерекше ықыласпен жеткізді. Сонымен қатар, Мұратов Алихан «Алаш аманаты» күйін, Сақан Айару «Аққу» күйін орындап, Бахытова Айару «Үкілім-ай» халық әнін шырқап, көрермендерді тәнті етті.

Қатысушылар үшін бұл кеш рухани азық пен ерекше әсер сыйлаған сәттерге толы болды.