5 мамыр күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушыларына патриоттық рухта тәрбие беру мақсатында «Отан қорғау - қасиетті борыш» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Көрмеге «Айбын» энциклопедиясы, «ҚР қарулы күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары», «Қазақстанның әскери тарихы», «Әскери педагогика», Ә.Сарай «Исатай мен Махамбет», Б.Кәрібаев «Қазақ хандығының күшеюі», «Генерал Нұрмағанбетов», А.К.Кушкумбаев «Военное дело казахов в XVII-XVIII веках», «Устав внутренней службы Вооруженных Сил РК» т.б. кітаптар қойылды.
Кітапханашы оқырмандарға қазақтардың әскери ісінің тарихы туралы көптеген қызықты мәліметтер берді. Қазақстан әскери бөлімдерінің Ұлы Отан соғысы майдандарына қатысуы, Тәуелсіздік жылдарындағы Қарулы Күштерінің құрылуы туралы берілген ақпарат жасөспірімдердің қызығушылығын тудырды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1682-5-mamyr-2025#sigFreeId4da0d448c1