Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіске жол» республикалық акциясы аясында балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Ерлік істер – ел жадында мәңгілік» кітап көрмесі рәсімделді.

Көрменің мақсаты: Ұлы Отан соғысында қан майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің аруағына тағзым ету, қаһарман батырлардың ерліктерін ұрпақтарға үлгі тұту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқырмандарға сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдебиеттерге шолу жасалды.