Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіске жол» республикалық акциясы аясында балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Ровесник» балалар-жасөспірімдер клубында «Батырлардың есімдерін мәңгі есте сақтаймыз!» атты ерлік пен патриотизм сабағын өткізді.

Патриоттық іс-шараға №48 жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлік ерлік, қайсарлық пен табандылық көрсеткен батырлар туралы бейнематериалдар ұсынылды. Сонымен қатар сол бір ұмытылмас жылдар жайлы жазылған кітаптар таныстырылды.

Оқушылар Отан, ерлік, бейбітшілік жайлы өлеңдерді жүрекпен оқып, соғыс жылдарының әсерлі әндері орындалды. Олар бейбіт аспан, батырлық пен ерлік үшін Отан қорғаушыларына, ардагерлерге шын жүректен алғыс білдірді.