Балаларға қызмет көрсету  бөлімінің қызметкерлері қазақтың көрнекті ақыны Оразақын Асқардың туғанына 90 жыл толуына орай «Карамелька» дамыту орталығының балаларына «Балаларым бақытым, деп жырлаған ақын» атты әдеби-ойын бағдарламасын өткізді.

Қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, өлеңдерін оқыды, викториналық сұрақтарға қатысты. Ақын Оразақын Асқардың шығармашылығына көрме ұйымдастырылды, кітаптарына шолу жасалды.