КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – НҰРКЕН АУЫЛЫНДА!

  26-27 мамыр күндері Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-нің ауылдық кітапханаларында өз жұмыстарын жалғастырды.

Турдың алғашқы күні эстафетаны Нұркен ауылының кітапханасы қабылдап алды.

Кездесу тек Нұркен ауылымен шектелмей, көршілес ауылдардан келген кітапханашыларды да қамтыды. Бұл мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстар орнатуына үлкен мүмкіндік берді.

Нұркен ауылының кітапханашысы Маякина Б.Р. кәсіби кездесу барысында өлкетану бағытында экскурсия ұйымдастырып, ауыл кітапханасының туған өлкенің бай мұрасын зерттеп, сақтаудағы маңызын көрсетті.

«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары табысталды.

Ауыл кітапханашыларына келесі өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды:

• Практикум: «Цифрлық библиография: кітапханалар библиографиялық қызметтің инновациялық құралдарын іздеу барысында»;

• Шеберлік сағаты: «Ж. Бектұров атындағы кітапхана тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану»;

• Кеңес: «Кітапханалық ресурстарды цифрландырудың мүмкіндіктері мен мәселелері»;

• Ақпараттық сабақ: «Көпшілік кітапханаларда қызмет көрсету бөлімдерінде есеп құжаттарын жүргізу».

     Кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сонымен қатар, цифрлық библиография, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеу, өлкетану материалдарын цифрлау мәселелері талқыланып, тәжірибе мен білім жетілдірілді. 

 

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ!

Эстафета жалғасуда!

   Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Қарағайлы кентінің балалар кітапханасына келді.

       Кітапханашы Искакова К.К. кәсіби кездесу қатысушыларын балалар кітапханасының бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмысымен таныстырып, ең басым бағыттардың бірі – қуыршақ театры арқылы сахналандыру жұмыстарын көрсетті.

      Ауыл кітапханашыларына өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары тарту етілді.

 

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – КӨКТАС АУЫЛЫНДА!

   27 мамыр күні «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» кәсіби турының екінші күні және мамандары Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Көктас ауылының кітапханасына барды.

     Кітапханашы Шаймерденова А.Ж. өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапханада өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың креативті үлгілерін таныстырды.

     Жақын маңдағы ауыл кітапханашыларына арналған шеберлік сағаттары мен кеңестерде кітапхана ісінің қазіргі заманғы үрдістері – цифрландыру, онлайн ресурстарды дамыту, оқырмандармен жұмыстың жаңа форматтары кеңінен талқыланды.

       «Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестеріне кітаптар мен кеңсе тауарлары табысталды.

        Кәсіби турдың соңында екі күндік жұмыстың қорытындысы шығарылып, қатысушылар мұндай кездесулердің тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, тиімді шешімдер табуға жол ашатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде ауыл кітапханаларының жұмыс сапасын арттыруға және олардың беделін көтеруге ықпал етеді.